Этнопаркте балалар фестивалі ұйымдастырылды – ШҚО
Фото: gov.kz
1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай ШҚО білім басқармасы «7 керемет» атты балалар фестивалін ұйымдастырды. Шара Өскемен қаласындағы Солжағалау кешенінің (Этнопарк) 7 алаңында өткен.
Алаңдарда балалар мен ата-аналар үшін қызықты, танымдық және ойын-сауық ойындары, караоке, спорттық эстафеталар, твистинг, шеберлік сыныптары мен квестер ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қуыршақтар мен мультфильм кейіпкерлерінің кейпіндегі аниматорлар бүлдіршіндерді қызықтырып, шараның көркін қыздырды.
Іс-шара барысында жеткіншектер ән айтып, би билеп, әр бала өнер көрсете алды.
Оқи отырыңыз