KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 2 м/с, В
451.03 487.47 4.94

Глубокое ауданының жәрмеңкесі ұйымдастырылады – ШҚО

Фото: egemen.kz

2.06.2023, 15:24 242 Күмісжан Исан

3 маусымда Өскемен қаласындағы "Fresh-Market" сауда-логистикалық орталығының аумағында Глубокое ауданының ауылшаруашылық тауарын өндірушілердің өнімі саудаланатын жәрмеңке өткізіледі.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында "Fresh-Market" сауда-логистикалық орталығының аумағында апта сайын өткізіліп тұратын жәрмеңке 14 қаңтардан бері қайта жалғасып келе жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, жәрмеңкеде ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер сертификатталған және сапалы тауарларды төмен бағамен, нарықтық бағадан 15% төмен бағада ұсынады. 

Жәрмеңке сенбі күні сағат 8.00-ден 14.00-ге дейінгі аралықта өтеді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив