KZ
Өскемен
+28°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
473.15 515.12 5.4

Туға құрмет – елге құрмет! Өскеменде ерекше құрмет көрсетілді

Фото авторы: Тілеубек Шаяхмет

3.06.2023, 14:18 530

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Шығыстың орталығы Өскемен қаласында ел Туына ерекше құрмет жасалды.

Қаланың архитектуралық келбетіне көрік беріп тұрған облыстық «Халифа Алтай» мешіт кешенінің қасбетіне ұзындығы –  27, ені – 7 метр болатын аспан түстес Туымыз орналастырылды. Бұл – Қазақстан бойынша мешітке тұңғыш рет ілінген ең үлкен Ту, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Біздің әкімшілікпен ақылдаса отырып Туды ілгендегі негізгі мақсатымыз – Мемлекеттік Туға деген құрметті үлгі ету арқылы жастарға насихаттау, бойларындағы отансүйгіштік сезімін ояту. Себебі мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір қазақстандықтың қасиетті міндеті һәм парызы. Ислам тарихына және еліміздің төл тарихына көз жүгіртсек те, ата-бабаларымыз соғыс даласында туын марқая, мақтана тік ұстап, ұрыс барысында жанын қиса да, туды төмен түсірмеген, – деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шығыс Қазақстан бойынша бас имамы, облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек Мұқатай.

 Туға қатысты құрметті қазақтың ардақты ақыны, жерлес шайыр Несіпбек Айтұлы өлеңінің бір шумағынан-ақ түсінуге болады:

Біздер үшін Отан жалғыз, Ту жалғыз,

Қорғамасақ несін ұл боп туғанбыз?!

Кіндігіміз тар қапаста кесіліп,

Ит көйлекті қанды жаспен жуғанбыз.

Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив