KZ
Өскемен
+22°
переменная облачность жел 1 м/с, С
452.92 484.99 5.12

74 учаскеде шомылуға тыйым салынды – ШҚО

Фото: gov.kz

5.06.2023, 12:15 266

ШҚО ТЖД және Өскемен қаласы ТЖД мамандары шомылу маусымы қарсаңында өңірдегі журналистермен бірге жағажайларды тексерді.

Құтқарушылар жүзуге рұқсат етілген аймақтар шекарасын және жүзуге болатын максималды терең аймақты көрсететін белгілерді тексерді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мамандар суға батқан адамға көмек көрсетуге арналған медициналық және құтқару бекетінің бар-жоғын анықтады.

ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов демалыс орындарының иелері су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң басшылыққа алу, балалар шомылуы үшін арнайы учаске бөлу керектігін баса айтты. Биылғы тексеріс қорытындысы бойынша облыс аумағында 5 жағажай жұмыс істейді. Алтай ауданында – 2, Өскеменде – 2, Ұлан ауданында 1 жағажай бар. Сонымен қатар Катонқарағай ауданында және Риддер қаласында жағажай ашу жоспарланған. Жағажайлар аумағы тазартылып, су айдындарының түбі тексерілді. Кезекшілік атқаратын құтқарушылар оқытылып, медициналық бекеттер жасақталды, сондай-ақ құтқару құралдары сатып алынды. Мамандары ТЖ қызметінің кеңесіне бағынған жағажай иелері жазғы маусымға мұқият дайындалғандығын және маусымды әлі бастамағанын жариялады.

Әкімдіктің қаулысы бойынша облыс аумағында шомылуға арналған барлығы 21 учаске бекітіліп, 74 орында шомылуға тыйым салынған.  

– Жазғы кезеңде Бұқтырма су қоймасында құтқарушылардың мобильді бекеттері жұмыс істейді. ШҚО ТЖД мамандары демалушыларды тыйым салатын белгілерге немқұрайды қарамауға шақырады, өйткені бұл жерлерде судың ағыны қатты, түбі шұңқыр, оны сүңгуірлер тексермейді. Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны немесе орындамағаны үшін жауапты адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Мұның бәрі жаз мезгілі апатсыз өтіп, көптен күткен демалыс қайғылы жағдайға әкелмеуі үшін қажет, – делінген ШҚО ТЖД хабарламасында.

ШҚО ТЖД деректеріне сәйкес, облыстағы су айдындарында өткен шомылу маусымында 7 адам суға батып кеткен. Барлық жағдайлар рұқсат етілмеген су айдындарында тіркелген.

Төтенше жағдай кезінде «112» нөмірі бойынша хабарлау қажет.                 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив