KZ
Өскемен
+26°
пасмурно жел 1 м/с, С
475.03 517.21 5.44

Балабақша балаларына жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл үйретілді – ШҚО

Фото: egemen.kz

5.06.2023, 15:55 527

ШҚО ТЖД құтқарушылары жазғы кезеңде оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында әртүрлі шаралар атқарады. Осы жолы құтқарушылар балабақшадағы балаларға арнап сабақ өткізді.

Мамандар бүлдіршіндерге жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл ережесін үйретіп, сейсмикалық жаттығу өткізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Келісілген жоспар бойынша, облыс аумағында магнитудасы 3 балды құраған жер сілкінісі тіркелген. Мамандар балабақшадағы балаларға жер сілкінісі кезінде қауіпсіз орындарды тауып, жасырынуды үйретті. Жаттығу аяқталғаннан кейін мамандар балаларға арнайы үйретілген иттерді көрсетіп, олардың қызметі жайлы түсіндірді.

ШҚО ТЖД жер сілкінісі кезінде ғимарат ішінде қорғанатын жер табуға немесе шығып кетуге уақыт болады дейді. Ыстық су құбырларынан, газ құрылғыларынан, электр сымдарынан, терезеден аулақ болуға тырысу керек. Сыртта жүрген жағдайда ғимараттардан алыс жерге, ашық алаңға бару қажет. Электр желілері мен ағаштардан абайлаған жөн.                                                                                                 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив