KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
481.63 534.46 5.28

ШҚО-да кене энцефалитінің 9 жағдайы тіркелді

Фото: gemotest.com

5.06.2023, 20:11 420 Мадина Амангелдіқызы

Шығыс Қазақстан облысы – вирустық кене энцефалитін жұқтырып алу қаупі жоғары аумақтардың бірі және тұрақты табиғи ошақ көзі.

ШҚО-да жыл басынан бері кене шағуына байланысты медициналық көмекке 1698 адам жүгінді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Кене энцефалитінің табиғи ошақтарының аумақтары: Глубокое, Зайсан, Алтай, Катонқарағай, Самар, Ұлан, Шемонаиха аудандары және Өскемен, Риддер қалаларының шет жақтары.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Сләмғазинаның айтуынша, 2022 жылдың эпидемиологиялық кезеңі бойынша облыста кене энцефалитінің зертханалы түрде расталған 9 жағдайы тіркелген. Кене энцефалитіне жүргізілген көпжылдық динамиканы талдау барысында кене энцефалитін жұқтырудың алғашқы жағдайлары мамыр айларында тіркелетіні анықталды. Ал маусым-шілде айларында жиілей түседі екен. 

«Кене энцефалитінің алдын алу мақсатында кене шағуынан зардап шеккен адамдарға тұрақты негізде біздің қызмет мониторинг жүргізеді және шұғыл профилактикаға бақылау жасайды. Айта кету керек, біздің облыста кене шағуынан зардап шеккен адамдардың саны жыл сайын республика бойынша ең жоғары болып қала береді және ҚР бойынша тіркелген барлық кене шағудың 30-35%-ын құрайды. 2023 жылдың 30 мамырындағы жағдай бойынша кене шағуына байланысты медициналық көмекке жүгінгендердің саны – 1698 адам, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны – 520.  Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда кене шағу жағдайы 494-ке төмендеген. Алдын алу мақсатында кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулинді кене шағудан зардап шеккен 1618 адам алды, қалған 80 адам кеш мерзімде медициналық көмекке жүгіну, жеке бас тарту, медициналық көрсетілімдерге байланысты, бұрын екпе алғандар және эндемиялық емес аумақта болуына байланысты көмекке жүгінген жоқ», – деді Сәуле Сләмғазина.

Бүгінде өңірде эндемиялық аумақтардың медициналық ұйымдарында кене шағудан зардап шеккен адамдарға алдын алу көмегін көрсету үшін кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин препаратының қоры жеткілікті мөлшерде.

«Кене энцефалитімен сырқаттанушылық бойынша эндемиялық аумақтарды кенеге қарсы улау жұмыстары 2 турдан тұрады: көктемгі тур және күзгі тур. Көктемгі тур ағымдағы жылдың 13 сәуірінде басталып, қазіргі уақытқа дейін жалғасуда. 2023 жылғы 23 мамырдағы жағдай бойынша жоспарланған 625 гектардың барлық эндемикалық аумағы өңделді. Өңдеу жұмыстары Өскемен, Риддер қалаларында, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Ұлан, Шемонаиха, Самар және Алтай аудандарында жүргізілді. Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақ аумағында кенемен күресу үшін қолдануға рұқсат етілген препараттар қолданылады», – дейді Сәуле Сләмғазина.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив