KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 3 м/с, СБ
457.98 490.86 5.26

Алтай Көлгінов Шығыстағы бірегей мұражаймен танысты

5.06.2023, 20:43 262 Мадина Амангелдіқызы

Алтай Көлгінов ШҚО-дағы «Ислам мәдениеті» мұражайымен танысты.

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов «Халифа Алтай» мешіті кешенінде орналасқан «Ислам мәдениеті» мұражайымен танысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл мұражай 2019 жылы Халифа Алтай мешітінде ашылды, онда Қазақстанда исламның пайда болуы мен дамуының бүкіл тарихы: көне түркі наным-сенімінен бастап қазіргі исламға дейін бейнеленген. Қағбаның макеттерінен бастап, "Халифа Алтай" мешітінің, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі Тайқазанның, Семей қаласының қос мұнаралы мешітінің макеттерін, Бұхарадан әкелінген Яссауидің "Диуани хикмет" кітабының түпнұсқасын, сондай-ақ балбал тас және көптеген құнды жәдігерлерді көруге болады.
"Мұражайдағы ең құнды нәрсе – кітаптар. ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің қолдауымен біз XVI-XVIII ғасырлардағы 52 жазбаша дереккөзді сатып алдық. Мұнда Қазақстан тарихы, ислам, қазақтардың дәстүрі туралы және т.б. кітаптар бар. Сенсорлы экранмен және дыбыстық сүйемелдеумен жабдықталған интерактивті Құран бар. Сіз оны төрт тілде оқи аласыз. Мұндай Құран Қазақстандағы жалғыз және ол біздің облыста", – деді ШҚО бойынша бас имам Ермек қажы Мұқатай. 

Даниал Ахметов бұл кітаптар әлемнің түрлі елдерінен әкелінгенін атап өтті. Айтуынша, тағы 25-30 кітап сатып алынады екен.

Сонымен қатар Ермек қажы Мұқатай  басқа аймақтардан әкелінген XIX-XX ғасырларға жататын қазақ мәдениетімен біте қайнасқан сирек кездесетін кілемдерді көрсетті.

Алтай Көлгінов өз кезегінде ежелгі қолжазбаларды жұртшылыққа таныстыру үшін өзге тілдерге аудару қажеттігін алға тартты. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив