KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 4 м/с, З
482.86 533.17 5.08

Ресейде де, Орталық Азияда да жоқ: Ахметов нені айтады?

Фото: Шығыс ақпарат

5.06.2023, 21:03 497 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО әкімі Даниал Ахметов аймақтағы бір нысанды бірегей деп атады. Айтуынша, ондай орталық Ресейде де, Орталық Азияда да жоқ екен.

Шығысқа ҚР вице-премьері Алтай Көлгінов жұмыс сапарымен келген еді. Ол өңір басшысы Даниал Ахметовпен бірге бірқатар нысандарды аралады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Алтай Көлгінов Өскемендегі үстел теннисі орталығының, О.Рыпакова атындағы Жеңіл атлетика орталығының жұмысымен және көпсалалы гематология орталығының құрылысымен танысты.

"Гематология орталығы - бірегей медициналық нысан. Мұнда заманауи жабдықтар орнату жоспарлануда, мамандар жаңа технологияларда жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар біз осы орталықта жұмыс істеу үшін кадрлар даярлаумен айналысамыз. Соңғы 3 жылда біз Германияда, Израильде, Ресейде 35-ке тарта маманды оқыттық. Медбикелер мектебі ашылды. Онда біз орталықта жұмыс істеу үшін орта медперсоналды даярлауды бастадық", – деді ШҚО ДСБ басшысы Гүлмира Сағидуллина.

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің айтуынша, мұндай орталық Ресейде де, Орталық Азияда да жоқ.

Премьер-Министрдің орынбасары бастаған делегация облыстық Ана мен бала орталығына да барып қайтты.

"Бүкіл ел бойынша біз ауылдық елді мекендерде 600-ге жуық нысан салуға тиіспіз. Бұл ауылдарда медицинаның сапасын арттыру үшін өте маңызды. Тағы 32 ауданаралық аурухана жаңғыртылады. Жаңа біз супер заманауи гематология орталығының құрылысымен таныстық. Бұл облыс әкімінің басшылығымен іске асуда. Аталмыш нысан өңірдің медициналық сервисінің сапасын арттыру үшін өте маңызды. Медициналық жабдықтар бойынша Денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсететін болады. Жалпы, денсаулық сақтау жүйесі бойынша біз байыпты жұмыс істеп, дәрігерлердің тапшылығы мәселесін шешуіміз керек. Ол үшін аудандарда жұмыс істеуге жас кадрларды ынталандыру үшін көтермеақы бөлу керек. Қаржы сомасы жоғары болу керек", – деді Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ вице-премьер өңірде іске асып жатқан біліктілікті арттыру бағдарламасын ерекше атап өтті.

"Үкімет ШҚО-да жүзеге асырылып жатқан барлық жобаларды толығымен қолдайды", – деп түйіндеді А.Көлгінов.

Бұдан бөлек, вице-премьер Шығыстағы ерекше мұражаймен де танысты. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив