KZ
Өскемен
+24°
переменная облачность жел 2 м/с, З
450.79 482.21 5.05

Интернет-алаяқтық бойынша 300 шақты дерек тіркелген – ШҚО

Фото: Шығыс ақпарат

8.06.2023, 19:33 257

Қазіргі таңда интернет-алаяқтық көп тараған қылмыстардың қатарында. Осыған байланысты тәртіп сақшылары халық арасында түсіндірме жұмыстарын тұрақты жүргізіп жатыр.

Өскемен қалалық ПБ Жедел-криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары Азамат Рахадылов интернет-алаяқтықтың алдын алу туралы баяндады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте полиция майоры Азамат Архатұлы жыл басынан бері тіркелген көрсеткішті мәлімдеді.

– Қазіргі уақытта интернет-алаяқтық – ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ақпараттық жүйелерді пайдаланушыларға қатысты алдау және сенімге қиянат жасау арқылы жасалатын қылмыстардың ең көп тараған түрі. Қылмыстың бұл түріне қатысты басты мәселе – оның шекарасы жоқ және бұл құқық бұзушылық әлемнің кез келген нүктесінен жасалады. Жыл басынан бері облыс аумағында интернет-алаяқтықтың шамамен 300-дей фактісі тіркелді, оның 80%-ы облыс және республика аумағынан тыс жерден жасалған. Интернет-алаяқтықтың әдістері мен түрлері көп және әр уақыт сайын күрделене түседі, – дейді Азамат Рахадылов.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив