KZ
Өскемен
+16°
небольшой проливной дождь жел 2 м/с, В
450.79 482.21 5.05

Құтқарушылар лагерьлердің аумағын тексеруді бастады – ШҚО

Фото: ШҚО ТЖД Баспасөз қызметі

9.06.2023, 09:57 298

ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау мамандары балаларға арналған демалыс лагерьлеріне барып, қауіпсіздік талаптарының орындалуын тексеруді бастады.

ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов аймақта жазғы кезеңде 19 лагерь есепке алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 

Өңірде сауықтыру лагерьлерін тексеруге қарайтын ведомствоаралық комиссиялар құрылған. Қазіргі таңда лагерьлер түгел тексеріліп, бірінші басшыларына нысанды өртке қарсы құралдармен жабдықтау бойынша ұсыныс айтылды.   

– Өрт қауіпсіздігі – балалар лагерьлері басшыларының жауаптылығында, – деді Нұржан Өміржанов. – Орман алқаптарында немесе оларға тікелей жақын орналасқан демалыс орындарының аумағында өрттің алдын алу үшін ені кемі 4 метр өртке қарсы минералданған жолақтарды орнату керек. Аумақты жанғыш қалдықтардан, қоқыстардан, құрғақ шөптерден тазарту, сумен, су айдындарымен қамтамасыз ету керек. Шатырдың ағаш конструкцияларын отқа төзімді ететін өңдеуден өткізу қажет. Өрт автоматикасы жүйесінің ақауы болмауын қадағалау және бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті саны болуы қажет. Стационарлық жабдықтың, электр сымдарының күйін тексерген жөн. Ғимараттың барлық қабаттарындағы терезелерге тор орнатуға жол бермеу және эвакуациялау жолдарын бөгемеу қажет.

ШҚО ТЖД мамандары балалардың демалысы мен ойын-сауықты ұйымдастыру барысында ескеру керек жағдайларды атап, түзетті. Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын тексеріп, лагерь қызметкерлері үшін нұсқаулық оқыды.  

                                                                                   

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив