KZ
Өскемен
+4°
переменная облачность жел 7 м/с, ОШ
447.89 476.78 4.79

Құтқарушылар ат мініп, өңірді аралады – ШҚО

Фото: ШҚО ТЖД Баспасөз қызметі

9.06.2023, 15:06 282

ШҚО-да құтқарушылар су айдындарын патрульдеу, полиция және орманшылармен бірлесіп аймақтағы өрт қаупін бағамдау үшін өңірді атпен аралады.

Осындай рейдтердің арқасында мобильді топтар өрт қауіпсіздігі ережесін бұзған 35 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Атпен аралау саяжай учаскелері мен орманды дала аумағындағы өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушыларды жедел анықтау және жазатайым оқиғалар жиі тіркелетін жетуі қиын жерде орналасқан су айдындарындағы қауіптен адамдарды қорғау үшін ойластырылған.

Рейд барысында тыйым салынған жерде шомылғандар да жауапкершілікке тартылды.

– Ат патрулін профилактикалық рейдтерге бірнеше жыл қатарынан тартып отырмыз. Адамдар жалғыз демалуға жиі асығатын ұзақ қашықтықтар мен таулы-тоғайлы жерлерді дәл осылай қамти аламыз. Біз адамдармен сөйлесеміз, өрт қаупі кезеңінде от жағуға және құтқарушылар мен дәрігерлер жоқ жабдықталмаған жерлерде шомылуға тыйым салынғанын түсіндіреміз. Сонымен қатар су айдындарында алкоголь ішпеуді полициямен бірге қадағалаймыз, – деп түсіндірді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.

Осындай патруль жұмыстары жағалауда түсіндіру жүргізумен шектелмейді. Қызметкерлер қайыққа отырып, су айдындарында тәртіптің бұзылмауын бақылайды. Қазіргі уақытта облыс бойынша 22 шомылу орны бекітілген, тағы 111 орында шомылуға тыйым салынған.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив