KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 3 м/с, В
481.63 534.46 5.28

Жол ережесін бұзу дерегі дрон арқылы бақыланады – ШҚО

Фото: egemen.kz

9.06.2023, 15:34 555

Енді облыста жол ережесін бұзу дерегін анықтау мақсатында дрон арқылы жасырын патрульдеу жүзеге асырылады.

Бұл шара жаз мезгілінде тұрғындардың демалыс орындарына сапарлауы есебінен көлік ағынының қарқыны артуына орай ұйымдастырылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

  "Жаз мезгілінің басталуына байланысты тұрғындардың демалыс орындарына жаппай шығуынан жолдарда көлік қозғалысы ағынының қарқындылығы айтарлықтай артты. Жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ШҚО полиция департаменті арнайы ұшатын аппараттарды - дрондарды пайдалана отырып, қарсы жолаққа шығу, басып озу, маневр жасау ережелерін бұзу, жылдамдықты шектен асыру сияқты жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзуды анықтау үшін жасырын патрульдеу жұмыстарын жүргізуде. Анықталған бұзушылықтар әкімшілік шара қолдану үшін дереу жол бойында қызмет өткеріп жүрген патрульдік полиция жасақтарына жіберіледі. Құрметті жол қозғалысына қатысушылар, ШҚО полиция департаменті жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға кеңес береді! Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыздар!" – деп жазылған ШҚО ПД хабарламасында.


                  

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив