KZ
Өскемен
+25°
небольшая облачность жел 2 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Полицейлер жолда қалған балалы әйелді ауруханаға жеткізді – ШҚО

Фото: pexels.com

9.06.2023, 16:04 278

8 маусым күні ШҚО ПД қызметкерлері көлік сынып, жолда қалған әйелді баласымен бірге ауруханаға жеткізген.

ПД патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары А.Советханов пен Т.Ахатбеков “Өскемен-Шемонаиха” тас жолында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жіберілген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Тәртіп сақшылары сағат 13.00 шамасында тасжолдың 50-ші шақырымында жол бойында тоқтап тұрған көлікті байқаған. Полиция қызметкерлері көліктің жанына тоқтап, жүргізушіден мән-жайды анықтап сұраған. Жүргізуші көліктің сынғанын, кішкентай баласы мен әйелін ауруханаға жеткізу керектігін айтқан. Полиция қызметкерлері ана мен баланы қызметтік көлікпен Глубокое ауылындағы аудандық ауруханаға жеткізген. Дерекке сүйенсек, баланы дәрігерлер тексерген, қазір баланың денсаулығы жақсарған көрінеді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив