KZ
Өскемен
+24°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Дүкендегі өрт кезінде 30 адам эвакуацияланды – ШҚО

Фото: gov.kz

22.06.2023, 10:21 201

22 маусымда сағат 04.40-та Өскемен қаласы Сәтбаев даңғылындағы азық-түлік дүкенінде өрт тұтанған. Дүкен он қабатты тұрғын үйдің 1-қабатында орналасқан. Сауда жабдықтары мен азық-түлік өнімдері жанды.

Оқиға орнына жеткен ШҚО ТЖД қызметкерлері баспалдақ арқылы 30 адамды, оның ішінде 6 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

25 шаршы метр аумаққа таралған өрт таңғы 05.40-та сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 35 қызметкері және 11 техника жұмылдырылды.

Болжам бойынша, өрт электр жабдығының апаттық жағдайы және электр жабдығын орнату мен пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамаудан пайда болған.

ШҚО ТЖД кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді. Электр жабдықтарының жарамдылығын бақылаңыз. Объектілерде алғашқы өрт сөндіру құралдары және автоматты өрт дабылы болуы тиіс. Нысан қызметкерлері қауіпсіздік нұсқауынан өтуі және өрт кезінде әрекет ете білуі қажет.

Өрт кезінде «112» немесе «101» нөмірі бойынша дереу хабарлау қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив