KZ
Өскемен
+19°
туман жел 1 м/с, С
472.62 513.22 5.43

Абай туралы кітап жазған өзбек қаламгерімен кездесу өтеді – ШҚО

Фото: egemen.kz

8.08.2023, 14:43 328

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің «Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын ауқымды зерттеу және танымал ету туралы шешімінің» негізінде «Миллат виждони»/ «Ұлт санасы» романы жарық көрген.

10 тамыз күні сағат 15.00-де А.С.Пушкин атындағы ШҚО кітапханасының мамандары Zoom платформасы арқылы кітап авторы Исокжон Нишоновпен онлайн кездесу өткізеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Биылғы сәуір айында Астана қаласында өткен Халықаралық «Eurasian Book Fair - 2024» кітап көрме-жәрмеңкесінде аталған романның тұсауы кесіліп, оқырмандарға жол тартты. Автор кітаптың бір данасын облыстық кітапханаға сыйға тартқан. Туындының электронды нұсқасы «Біздің Абай» электронды кітапханасында орналастырылған.

Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптың авторы, Өзбекстан Жазушылар одағының мүшесі Исокжон Нишонов осы кітап үшін «Құрмет» грамотасына ие болды.

Бұл кездесудің толық нұсқасы кітапхананың әлеуметтік желілердегі парақшаларына, арналарына жүктеледі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив