KZ
Өскемен
-16°
пасмурно жел 1,3 м/с, ОШ
451.03 487.47 4.94

Шығыстық жас өнертапқыштардың жобасы республикалық байқаудың финалында таныстырылды

Фото: gov.kz

13.09.2023, 19:37 2 335 Күмісжан Исан

8-10 қыркүйек аралығында Astana IT University-де орта және жоғары сынып оқушыларының арасында төрт айлық «Solve for Tomorrow» атты республикалық әлеуметтік жобалар байқауының финалы өтті. Жарысқа ШҚО атынан қатысқан құрама финалға өткен ондықтың қатарында бақ сынап, өз стартап жобасын таныстырды.
Риддер қаласындағы №1 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушылары Иван Грибенщиков пен Артемий Нечаевке өздері ұсынған «Дезинфекциялаушы робот» жобасын дамыту үшін 300 мың теңге табысталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Шығыстық «Мехатроника» – Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысқан 413 команданың ішіндегі ең жас құрама. Оқушылар осыған дейін облыс әкімінің IT-StartUp дамыту грантының иегері атанған.

Дезинфекциялаушы робот идеясын іске асыру біршама уақыт бұрын басталған. COVID-19 пандемиясы өршіп тұрған 2021 жылы тұрмыстық заттарды зарарсыздандырып, қолданылған маска мен қолғаптарды қауіпсіз жоюға қауқарлы роботтың прототип идеясы туындаған. Ал роботтың басты міндеті — қауіпті заттардың адам денесімен жанасуын болдырмауы тиіс еді. Дерекке сүйенсек, бастапқы дизайнын әзірлеу мен роботты жобалауға алты ай уақыт кеткен. Картоннан жасалған бастапқы прототип арқылы роботтың кинематикасы, бағдарламалық бөлігі және іс-қимылы сыналған. Кейін прототипті пластиктен кесіп жасап, оған электроника орнатқан. Бұл нұсқаны 2022 жылы Иван Грибенщиков қалалық байқауларға алып шығып, кейін облыстық байқауда бас жүлде алып, “Ұлы өнертабысқв алғашқы қадам”, “Зерде” сынды республикалық байқауларда жүлделі орынға ие болды. Ал өткен жылдың желтоқсанында инновациялық-ғылыми жобалардың «WISPO 2022» халықаралық олимпиадасына шақырту алып, Индонезияның Бандунг қаласына барып қайтқан. Сол сапарда халықаралық төрешілер жобаға жоғары баға беріп, өнертапқышқа алтын медаль мен арнайы премия табысталған.
Өнертапқыш жеткен биігінде тоқтап қалмай, стартапты әлі де жетілдіруді ұйғарған. Жобаны жалғастыруға көмек қажет болғанда Иван Грибенщиковтің сыныптасы Артемий Нечаев қол ұшын созып, стартапты жүзеге асыруға ат салысқан көрінеді.

Жеткіншектердің алдында күрделі міндет тұрды. Ендігі мақсат — тәжірибеден өткен нұсқаның негізінде әртүрлі санаттағы қолданушыларға арналған құрылғылар желісінің тұжырымдамасын құрастыру. Өнертапқыштар биыл наурыз айында «Samsung» компаниясы ұйымдастырған «Solve for Tomorrow» байқауына сол жобаны ұсынған. 413 команда қатысқан байқаудың шарттарын орындау шығыстық жеткіншектерге оңай соқпады. Бұдан өзге, құрылғының нобайын жобалау үшін нарықты талдау, әлеуетті пайдаланушылармен жұмыс істеу және олардың қалауы мен тілегін білу қажет еді. Жаңа жобаны құрастыру үшін бес ай тынымсыз еңбек еткен өнертапқыштар жоба ұйымдастырушылары өткізген тәлімгерлік конференцияларға қатысып, жеке жұмыс та жүргізген. Іріктеуден кейін финалға тек 9 құрама өткен. Риддерлік жас өнертапқыштар финалда тек жасы үлкен, НЗМ санатындағы командаларға есе жіберіп алған екен.

— Біздің жоба мақтануға тұрарлық. Тек жобаның табысты болуы жетекшіге ғана байланысты емес. Жетекші, оқушы және ата-ананың арасында тығыз байланыс болғанда ғана жоғары нәтижеге жетуге болады. Оқу жылы аяқталғаннан кейін, бүкіл жазғы демалыста балалар мен олардың ата-анасы жарысқа қызу дайындалды. Осындай еңбектің арқасында жетістікке жеттік. Жоба қазірдің өзінде айтарлықтай танымалдылыққа ие болды. Сондықтан еңбегіміз зая кетпеуі үшін, балалардың меншік құқығын қорғау мақсатында авторлық куәлік алуға және өнертабысқа патент рәсімдеуге өтініш тапсырдық. Бұл балалар оқу бітіргеннен кейін жеке дамуы мен қалыптасуына, жаңа өмірге нық қадам басуға мүмкіндік береді, — дейді жоба жетекшісі Юрий Котвицкий.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив