Өскемендегі кітапханада Республика күніне орай көрме ашылды
Өскемендегі А.Пушкин атындағы облыстық кітапханада Республика күніне орай экспозиция ашылды.
Онда 1990 жылы 25 қазанда «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданғаннан кейінгі түрлі саладағы өзгерісті баяндайтын кітаптар қойылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Көрмеде Ербол Шаймерденов, Бақыт Қайырбеков және өзге де отандық авторлардың шығармалары қойылған.
Кітапхананың баспасөз қызметінің дерегінше, кітап көрмесі елдің тарихы мен мәдениетіне сый-құрмет көрсетуге, келушілерге Қазақстанның тарихы, халқы мен дәстүріне, жеткен жетістіктеріне арналған әдебиеттің түрлі үлгілері жайлы ақпарат беруге бағытталған.