KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
474.83 518.99 5.4

ШҚО мамандары Уфадағы Креативті индустриялар мектебінің тәжірибесін зерделеді

23.11.2023, 08:20 223 ALTAINEWS

ШҚО мамандары Уфа қаласында (РФ,Башқұртстан Республикасы) ашылған Креативті индустриялар мектебінің тәжірибесін зерделеді.


Жуырда Уфа өнер училищесінде Креативті индустриялар мектебі ашылған. Ондағы мамандандырылған студияларда 12-17 жас аралығындағы жеткіншектер кескіндеме дизайн, электронды музыка, дыбыс режиссерлік, VR/AR интерактивті цифрлық технологиялар, анимация және 3D кескіндеме, фото-видео өнімдерін шығарумен айналысады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.


Осы бағыттағы жұмыстармен ШҚО мамандары Уфада өтіп жатқан Халықаралық бизнес апталығы аясында танысты. Креативті индустриялар мектебі жұмысын таяуда бастағандықтан қазір балаларды қабылдау жүріп жатыр. Мұнда мәдениет пен өнер саласында қолданылатын заманауи цифрлық технологияларға қызығушылық танытқан балаларға қашанда есік ашық. 


ШҚО мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Раушан Нұрмұханованың айтуынша, уфалықтардың бұл тәжірибесі қызығушылық тудырады және алдағы уақытта Шығыс Қазақстанның мәдени-білім беру саласына енгізу үшін зерделенуі мүмкін. 

- Осыған ұқсас жоба бүгінде Өскемендегі А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхана базасында жүзеге асырылып жатыр, - деп атап өтті Раушан Нұрұханова. - Цифрлық технологиялардың арқасында кітапхана өзінің ресми сайтында электронды қызметті жақсы дамытып отыр және ол сайттың мобилді нұсқасы да бар. Қазір облыстық кітапхана электронды қызметтің 15-тен астам түрін, яғни толық мәтінді электронды кітапхана, онлайн консультация, виртуалды анықтама қызметінен бастап, белгілі тұлғалармен тікелей эфир және халықаралық деңгейде ауқымды вебинарлар өкізуге дейінгі жобаларды жүзеге асырып жатыр.

Кітапханада МейкерСпейс (MakerSpace) технологиялық алаңының жұмыс істегеніне алтыншы жылға кетті. Оның жұмысы креативті индустрияларды дамытумен байланысты. Мұнда 3D-принтинг, цифрлық фотография, сублимациялық өнер бағытында тренингтер ұйымдастырылып, копирайтинг, СММ, мобилография бойынша семинарлар өткізіледі. Аталған шараларға негізінен жеткіншектер мен жастар қатысады


Цифрлық технологияларға негізделген креативті экономика бұл - қоғамның жаңаша дамуының өзегі. Бұл бағытта өзара тәжірибе алмасу Халықаралық бизнес апталығына қатысушылардың барлығына өте пайдалы болмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив