KZ
Өскемен
-15°
туман жел 3,1 м/с, В
451.03 487.47 4.94

Қыс-2023: ШҚО-да апаттық-құтқару жаттығулары өтті

Фото: Тілеубек Шаяхмет
Фото: Тілеубек Шаяхмет
24.11.2023, 15:33 1 586 ALTAINEWS

Шығыс Қазақстанның құтқарушылары «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында ауқымды авариялық-құтқару жаттығуларын өткізді.

 

Елдің шығысындағы қыс қаһарлы болып келеді. ТЖ қызметкерлерінің оқу-жаттығуы ауа райындағы ерекшелікті ескере отырып ұйымдастырылды. Яғни, жаттығу барысындағышартты төтенше жағдайлар шындыққа мүмкіндігінше жақын етіп көрсетілді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

 

Сонымен, ТЖ қызметкерлері боранды күні қар құрсауында қалған халықты жол талғамайтын техникамен жедел эвакуациялады. Көктайғақ жағдайында зардап шегушіні шұғыл құтқарып, мұз астына түскен көлікті шығару бойынша апаттық-құтқару жұмыстарын ұйымдастырды, кинологиялық есептер қарлы боранда жоғалған шопанды іздеді, азаматтық қорғау қызметтерінің күшімен магистральдық құбырдағы апатты жойды.

 

Іс жүзінде коммуналдық қызметтермен бірлесіп өңір аумақтарын және су өткізу құрылыстарын, қысқы кезеңге көпір өткелдерін дайындау, қар мен мұздан уақтылы тазарту, түрлі апат кезінде жедел әрекет ету секілді шаралар пысықталды. Оқу-жаттығу шеңберінде азаматтық қорғау құралымдарының техникасы мен жабдықтары тексерілді, зардап шеккен халыққа арналған далалық госпиталь мен шатырлы лагерь орналастырылды.

 

- Мұндай жаттығулар жыл сайын өткізіледі. Біздің аймақта ауа температурасы төмен, боран мен қар көшкіні болуы ықтимал, қысы өте қатал. Тек өткен қыста боран кезінде 160-тан астам адам құтқарылды, 55 дауыл туралы ескерту жарияланды, 101 профилактикалық қар көшкіні түсірілді. Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша құтқару бөлімшелері мен азаматтық қорғау қызметтерінің төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындығына баға берілді, төтенше жағдай қызметін одан әрі жетілдірудің басым бағыттары айқындалды, - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Ерғали Бахаев.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив