KZ
Өскемен
-14°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
451.03 487.47 4.94

ШҚО тұрғындарына ұзақ жолға шықпауға кеңес берілді

Фото: auto.ria.com

28.11.2023, 22:13 129 ALTAINEWS

Шығыста бүгін қалың тұман түсті. Ауа райына байланысты ШҚО ТЖД дауылды ескерту жариялады. 

 

«Қазгидромет» ШҚО филиалының ақпараты бойынша 29 қараша күні де облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман күтіледі, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.    

      

Шығыстан және оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді.        

 

Осыған байланысты ТЖ қызметі тұрғындарға тұман кезінде мұқият болу керектігін ескертеді. Мүмкіндігінше жолға шығуды кейінге қалдырып, ауа-райының жақсарғанын күту керек. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда, тұман кезінде арақашықтықты сақтап жүру қажет. Жолаушылар жарыққа шағылысатын элементтері бар киім кигені жөн. 

 

Төтенше жағдайлар туындаған кезде «112» телефоны бойынша хабарлаңыз.

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив