KZ
Өскемен
+27°
переменная облачность жел 3 м/с, В
474.83 515.38 5.5

Алтай алқабында аң көбейіп келеді

29.11.2023, 21:36 151 Қызырбек Дүргінбайұлы

Алтай – адамзаттың бесігі ғана емес, аң мен құстың да аяулы мекені.

 

Биыл бұл өңірде жабайы жануарлардың көбейгенін Катонқарағай Ұлттық парк қызметкерлері мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Бұл өлкенің халқы жердің иесі болса, аң мен құсы жердің киесі. Сондықтан да үнемі ұрпаққа табиғатты аялауды дәріптеп келеді. Соның бір дәлелі - қазан айында өткен «Қар барысы» фестивалі. Соған сай аң мен құс та жыл санап өсе түскен.

 

– Санақ жұмыстары атпен, автокөлікпен, жаяу, жабайы жануарлар шоғырланған жерлерде, қоныс аудару кезінде, үйірге түскен уақытында және бағыт бойынша жүргізіледі. 2023 жылғы күзгі    есепке алу нәтижесі бойынша жабайы жануарлардың  4-10 %   көбейгенін байқауға болады. Марал, елік 4-6 %, жабайы шошқа, аю 10 %, қасқыр 4 % көбейді. Қызыл кітапқа еңгізілген құстар мен  сүтқоректілердің ,суда жүзетін құстардың саны тұрақты. Ұлттық парк аумағында жабайы жануарлар санын аңықтау және бақылау жұмыстарын жүргізу мақсатында 11 фототұзақ құрылған, – деп жазды Катонқарағай МҰТП-і өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.


 

Сондай-ақ Алтай туризмнің төріне айналуда. Биылғы жылы ұлттық паркке 8 434 адам келген. Парк аумағында қазіргі таңда 14 туристік соқпақ бар. Алдағы уақытта қысқы туризмге бағытталған 1 шаңғы маршрутын салу жоспарланып отыр.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив