KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
453.35 492.02 4.96

Желтоқсандағы мерекелерде Өскемен көшелері қалай безендіріледі?

1.12.2023, 18:04 124 Ләззат Қанатқызы

Жақын күндері облыс орталығында Тәуелсіздік күні мен жаңа жыл мерекесіне безендіру жұмыстары басталады.

Қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қай көшелер безендірілетінін айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Алдағы Тәуелсіздік күніне орай Республика алаңы, Арбат, "Өскемен" аллеясы, Комендантка өзенінің арнасындағы саябақ, "Металлург" саябағы, Қ.Сәтбаев пен І.Есенберлин даңғылдары мен Б. Александров атындағы Спорт сарайының қиылысы безендірілмек. Қазақстан көшесі мен Н. Назарбаев даңғылындағы көпір тіректеріне жалаушалар орнату да жоспарда бар көрінеді.

Ал, жаңа жыл мерекесінде жылдағы дәстүр бойынша алдымен Республика алаңына шырша орнатылады. Көшелерді безендіру үшін жаңа элеметтер алу әзірге жоспарланбаған. Әдеттегідей, қаладағы түрлі демалыс орындарына шыршалар қойылады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив