KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
481.63 534.46 5.28

Шемонаихадағы ауруханаға балаларды оңалту орталығы қажет

1.12.2023, 18:50 127 Айна Ескенқызы

Алзира Асылбекова бір жылдан бері Шемонаиха орталық аудандық ауруханасында дәрігер-педиатр болып жұмыс істейді.

 

Жас педиатр ауданда неврологиялық патологиясы бар бүлдіршіндердің емделетін жеке орны болса деп армандайды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі. 

 

- Бүгін мен медицина университетінде оқытқан принцип бойынша жұмыс істеймін: педиатр баланың досы болуы керек. Мен балаларды күлімсіреп қарсы аламын, жасын, көңіл-күйі қандай екенін сұрап, көңілдерін аулаймын. Баланы өзіңізге жақын тартсаңыз, оның денсаулығының кілтін табу да оңайырақ, - дейді Алзира Асылбекова.


 

Ауданда 8 800-ден астам бала бар. Педиатр ұстанатын емдеудің негізгі принципі – зияныңды тигізбеу. Маман медициналық көмек хаттамалары мен стандарттарын қатаң сақтайды. Антибиотиктерді тек көрсетілімдер бойынша тағайындайды.

 

Аудандық педиатрдың міндетіне мүгедектікті ресімдеу, науқастарды облыстық стационарларға жатқызу да кіреді, патронаж қызметіне жетекшілік етеді.

 

Алзира Асылбекова тек ағымдағы жұмыстарын ғана атқарып қоймайды, бұрын ауданда шешімін таппаған мәселелермен де айналысады. Мысалы, бір бала ақуыз-энергия жеткіліксіздігі сияқты ауыр дертпен ауырады. Сирек кездесетін аурумен ауыратын сәбиді мамандандырылған тамақпен қамтамасыз ету ТМККК-ға кірмейді. Аудандық педиатр ретінде Алзира Асылбекова бір жасар баланың анасын осы проблемамен бетпе-бет қалдырмай, қолынан келген көмегін аямады. Нәтижесінде мамандандырылған тамақпен қамтамасыз ету мәселесі шешілді.

 

- Әрине, күрделі жағдайлар кездеседі, ондай кезде аға буын әріптестер көмекке келеді. Біздің ауруханада өте жақсы ұжым қалыптасқан. Аға буын әріптестер көмектеседі. Бас дәрігер Бақыт Таймасоваға, бас дәрігердің орынбасары Александр Николаевичке қолдау көрсеткені және маған деген сенімі үшін ерекше ризамын, — дейді доктор.


 

Алзира Асылбекова ауданға келген жас маман ретінде баспанамен, көтерме ақымен қамтамасыз етілді. Ол сондай-ақ өзінің жоспарлары мен армандары туралы айтты.

 

- Біздің балаларымызға оңалту орталығы қажет екені айдан анық. Осы жобамен мен аудандық әкімдікте болдым. Мейлі, онша үлкен болмасын, бірақ неврологиялық патологиясы бар балаларымыз үйден шықпай-ақ көмекті ала алатын орынның болуы - менің үлкен арманым, - деп бөлісті жас дәрігер.


 

Айта кетсек, осы күзде жас дәрігер  Шемонаиха ауданының дәрігерлер тобының құрамында Түркияда "Medipol" медициналық орталығында тағылымдамадан өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив