Катонқарағай ауданының "Арай" - "Луч" газеті 90 жылдығын тойлады

Биыл Катонқарағай ауданының бас басылымы - «Арай» - «Луч» газетінің шыққанына 90 жыл толды.
Басылымның мерейтойына орай мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Газет тарихына үңілер болсақ, басылым 1933 жылғы тамыз айында «Большевик Алтая» деген атаумен тұңғыш рет жарық көріп, кейіннен, қырқыншы жылдары «Сталинский путь», «Екпінді Алтай», Катонқарағай мен Үлкен Нарын (Большенарым) бірігіп бір аудан болып тұрған уақытта «Еңбек туы» – «Знамя труда» деген атпен шыққан. 1970 жылдың 4 желтоқсанында Катонқарағай ауданы құрылған соң, 1971 жылдың 1 шілдесінен «Арай» – «Луч» деген атаумен осы ауданда шыға бастады.
Бұл аудандық газетте Оралхан Бөкей, Әлібек Асқаров, Дидахмет Әшімханұлы, Қайырды Назырбаев, Менғали Мусин, Мира Алипинова, Әділбек Құмарғажин және тағы да басқа көптеген елімізге танымал жазушылар мен журналистер өзінің шығармашылығын бастаған.