KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
453.35 492.02 4.96

Шығыстан 17 сарбаз Қарағандыға аттанды

1.12.2023, 23:21 137 Қызырбек Дүргінбайұлы

ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің Өскемендегі №6699 әскери бөлімінде "Әскерге шақырылушылар күні" өтті.

 

Осы орайда шығыстың 17 сарбазы Қарағанды қаласындағы Ұлттық ұланның құрамына шақыртылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Жас сарбаздар және олардың ата-аналары қатысқан шарада № 6699 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшесі бастығының аға көмекшісі капитан Нұрбек Жукубаев Ұлттық ұлан қатарында қызмет етудің артықшылықтарын түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.

- Ұлттық ұлан қатарында Отан алдындағы борышымды өтеу мен үшін зор мақтаныш. Сондай-ақ әскер сапындағы сарбаздарға мемлекет тарапынан толассыз қолдаулар мен жеңілдіктер барын да естіп жатамыз. Бұл да менің құлшынысыма серпін берді деп ойлаймын, - дейді әскерге шақырылушы Бекарыс Марсыбаев.

 

Ал сарбаздар  "Орталық" өнірлік қолбасшылығына қарасты №6505 әскери бөліміне аттанды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив