KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
453.35 492.02 4.96

Балық өсірушілерге қолайлы жағдайлар жасала бастады – ШҚО

шартты сурет

4.12.2023, 17:40 139 Оразай Жеңісұлы

Үкімет 2021-2030 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамыту бағдарламасын қабылдағаннан кейін елімізде балық өсіруге қолайлы жағдайлар жасала бастады.

Шығыстағы су айдындарында балық өсірумен айналысып жатқандарға республикалық және облыстық бюджеттен қомақты субсидия бөлініп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өткен жылы балық шаруашылығы саласында бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында заңнамалық деңгейде балық өсірушілерді ынталандыру үшін бірқатар түзетулер қабылданды.

Атап айтқанда, біріншіден, кәсіптік балық аулау субъектілеріне бекітілген су айдындарында тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын ұйымдастыруға құқық берілді.

Екіншіден, балық өсіру шаруашылықтарын су қорғау белдеуіне орналастыру бойынша шектеулер алынып тасталды.

Үшіншіден, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және балық өсіру тоғандары мен бассейндерін салу кезінде мемлекеттік сараптама қорытындысын алу жөніндегі талаптар алынып тасталды.

Төртіншіден, бизнес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде балық өсіру шаруашылықтарын салу кезіндегі шығындарды өтеуден босатылды.

Бесіншіден, балық шаруашылығына жеткілікті мөлшерде инвестиция бөлініп жатыр. Балық шаруашылығына салынған инвестициялардың 25%-ын, сондай-ақ балық жемдерін сатып алу кезіндегі шығыстардың 30%-ын өтеу субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау шараларымен қатар қосымша субсидиялардың жаңа түрлері енгізілді. Бұл мына шығындар құнының 50%-на дейін субсидиялау:

- балық өсіру-биологиялық негіздемелер;

- балық өсіру материалын сатып алу;

- дәрілік препараттар сатып алу;

- балықтардың аналық табындарын сатып алу және ұстау шығындары.

Алтыншыдан, субсидиялау қағидаларын әзірлеу жөніндегі функциялар Ауыл шаруашылығы министрлігінен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне берілді.

– Балық ресурстарын тұрақты пайдалану балық шаруашылығы су айдындарын бизнеске ұзақ мерзімді бекіту институтының арқасында қамтамасыз етіледі. 2021 жылғы 17 тамыздан бастап мемлекеттік мүлік порталында (www.gosreestr.kz) аукцион арқылы су айдындарын бекіту бойынша конкурс өткізудің электрондық форматын көздейтін нормалар қолданысқа енгізілді.

Процесті автоматтандыру конкурсты өткізуді жеңілдетуге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік беріп отыр. Сонымен қатар өткен жылы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп балық және балық өнімдерін бақылаудың ақпараттық жүйесін әзірлеу жұмысы басталды, бұл көлеңкелі айналымды қысқартады.

Жүйе балық пен балық өнімдерінің шығу тегінің заңдылығын растайтын құжаттарды қалыптастыруға және беруге қатысатын мүдделі мемлекеттік органдардың қолданыстағы жүйелерімен интеграциялауды көздейді. Бұл – кедендік және салықтық жүйелер және ветеринария саласындағы ақпараттық жүйе, – дейді Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Талғат Рахымжанов.

Негізгі жұмыспен қатар салалық заңнама де жетілдірілуде.

Сонымен, балық ресурстарын пайдаланғаны үшін жылдық төлемнің орнына тоқсан сайынғы төлем енгізілді. Бұл балық ресурстарын пайдалануға рұқсат алу кезінде балық шаруашылығы субъектілеріне қаржылық жүктемені айтарлықтай төмендетті.

Екіншіден, жоғарыда айтқан балық шаруашылығы су айдындарын бекіту механизмі өзгертілді.

Үшіншіден, квоталарды бөлу қағидаларына «көбірек балықтандырасың – көбірек квота аласың» қағидатына көшу бойынша өзгерістер енгізілді. Бұл механизм пайдаланушыларды оларға бекітілген су айдындарында балықтандыру көлемін ұлғайтуға ынталандырады.

Төртіншіден, балық аулауға тыйым салу мерзімдерін ауыстыру рәсімі жеңілдетілді. Енді мұндай шешім инспекция басшысының бұйрығымен белгілі бір жылдың табиғи-климаттық жағдайларын ескере отырып жүзеге асатын болады.

Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив