KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
453.35 492.02 4.96

Президент ШҚО әкімі Ермек Көшербаевты қабылдады

Фото: akorda.kz

4.12.2023, 19:00 236 ALTAINEWS

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстанның әкімі Ермек Көшербаевты қабылдады.

 

ШҚО әкімі өңірдің биылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесі туралы баяндады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

 

Аймақ басшысының айтуынша, осы жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім 4,4 триллион теңге болады деген болжам жасалып отыр. Инвестициялық жобалардың жалпыұлттық құрамына аймақтан құны 1,1 триллион теңге болатын 42 жоба кірген.

 

Биыл  құны 77 миллиард теңге болатын 8 жоба жүзеге асырылуда. Агроөнеркәсіп кешенінде 37 ірі жоба жүзеге асырылмақ. Оларға салынатын инвестиция мөлшері – 236,4 миллиард теңге.

 

- Қазақстанда алғаш рет жылына 4 мың тонна сұйық лецитин өндіру үшін күнбағыс тұқымын терең өңдеу әдісі енгізіліп жатыр. Шағын және орта бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасалуда. Атап айтқанда, осы бағыттағы жобаларға 22 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсетілген, - дейді Ермек Көшербаев.


Сонымен қатар, Мемлекет басшысына 2024 жыл облыста Жол жылы деп жарияланғаны туралы да айтылды. Жолдарды жөндеуге және салуға бөлінетін қаржыны екі есе ұлғайту жоспарланып отыр. Жалпы 600 шақырым жол және көшелер жөндеуден өткізілмек.

 

Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында Риддер жылу электр орталығында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, 6 қазандық агрегаты жөнделді. Бүгінгі таңда Риддер тұрғындары жылумен қамтамасыз етілген.

 

Кездесуде шекара маңынан Марқакөл және Катонқарағай атты екі жаңа аудан құру мәселесіне де ерекше назар аударылғанын айта кеткен жөн.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев өңір халқының өмір сүру сапасын арттыру маңызды екенін атап өтіп, ШҚО-ны әлеуметтік-экономикалық тұрғыда одан әрі дамытуға қатысты бірқатар міндет жүктеді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив