KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
474.83 515.38 5.5

Жеті тілді жетік білетін жауынгер

Фото:  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
Фото:  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
4.12.2023, 23:15 179 ALTAINEWS

Ұлттық ұлан қатарында жеті тілді жетік білетін сарбаз қызмет етеді.

 

Бағжан Болатұлы "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 6699 әскери бөліміне Алматы қаласынан шақырылыпты. Шет тілдеріне деген қызығушылығы музыка тыңдаудан басталған азамат студенттік жылдарын Түркияда өткізген, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

 

- Мен орыс, ағылшын, түрік, әзірбайжан, испан, француз, чех тілдерін білемін. «Бір тіл білген - бір адам, екі тіл білген - екі адам»  деген  нақыл бар. Сондықтан тіл үйрену арқылы сол ұлттың мәдениеті және дәстүрімен танысуға болады.  Менің полиглот болуыма Еуропа елінде  білім алғаным әсер етті. Себебі ол жақтағы менің қоршаған ортам көптілді болды, - дейді қатардағы жауынгер Бағжан Болатұлы.


Полиглот сарбаз мерзімді қызметін өткергеннен кейін әскери бөлімде келісімшарт бойынша  қызметке тұрмақ. Әскери салада жүріп те шет тілін үйренуге болатынын алға тартып отыр. Сондай-ақ ол лингвистикалық біліміне зейін қойған қаруластарына  кеңес беріп, жол нұсқаудан еш тайынған емес.

 

 - Қазіргі жаһанданған заманда  шет тілдерін білудің  өзектілігі зор. Сондықтан  әскери қызметшілер де тіл меңгеруге үлкен қызығушылық танытуда. Осы орайда Бағжан арқылы бағдарын айқындап, бағытын түзегендер өте көп. Олардың әрқайсысы жеті жұрттың тілін білетін жауынгерге алғысын білдіруде, - деді 6699 әскери бөлім командирінің орынбасары майор Саибжан Сагдуллаев.

Бағжан  алдағы уақытта жапон, парсы тілдерін үйренсем дейді. Ол үшін  жеке қойын дәптер де  бастап қойыпты.  Он тілден артық тіл меңгеремін деп жүйелі жоспар құрған талапты жас  үшін ана тілінің орны бөлек.

- Өзге тілге бет бұрмас бұрын, алдымен бойыңа ана сүтімен дарыған қазақ тілін сіңіріп алу керек, - дейді Бағжан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив