KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
474.83 515.38 5.5

Көктемгі шақырту: ШҚО-дан әскерге 1,5 мың жігіт кетті

20.05.2021, 15:00 410

Облысымызда әскерге шақырылған азаматтарды ел Қарулы Күштері қатарына салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген биылғы әскерге шақырудың маңызы ерекше.

Жалпы, биылғы көктемдегі әскерге шақыру маусымы кезінде Қарулы Күштеріміздің қатары мерзімді қызметтегі 1 500 жауынгермен толығады. Барлығы 18 бен 27 жас аралығындағы жігіттер.

Сондай жас жауынгердің бірі – Роман Фунт. Бородулиха ауданының тумасы армияға баруды өзінің Отан алдындағы борышы деп біледі.

– Әскерге өз еркіммен аттанып барамын. Әуе қорғаныс күштерінде қызмет етемін. Менің ойымша, ер азаматтың барлығы әскери мектептен өтуі тиіс. Отанымызды қорғау әрбір қазақстандықтың қасиетті парызы, – дейді Роман Фунт.

Айта кетейік, бұл жастар бір жыл бойы ел Қарулы Күштерінің түрлі саласында әскери борышын өтейтін болады. Бірі – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, енді бірі – Қорғаныс министрлігіне аттанбақ. Сондай-ақ жерлестеріміз Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімдері мен Ұлттық ұлан сапында да Отан алдындағы борышын өтемек.

Осы ретте, әскери бөлімдерді жасақтау аумақтық және аумақтан тыс қағидаттар бойынша жүргізілетін болады. Яғни жас сарбаздарымыздың басым бөлігі еліміздің өзге өңірлеріне аттанады деген сөз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив