KZ
Өскемен
-16°
туман жел 2 м/с, ОШ
451.03 487.47 4.94

Қазақстанда зейнетақымен қамтамасыз ету құқығы барлық азаматтарға тең

Фото: ашық дереккөз

3.05.2023, 14:17 4 975 Дәурен Аллабергенұлы

Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар азаматтар зейнетақы аударымдарын жасай ала ма?

ҚР "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 2-бабына сәйкес, егер басқа заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар зейнетақымен қамсыздандыру құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең пайдаланады, деп хабарлайды Altaynews  тілшісі.

ҚР "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Заңының 1-бабы, 1-тармағының 14) тармақшасында шетелдіктің Қазақстан Республикасының аумағында жеке басын куәландыратын және оның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алғанын растайтын құжат шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты болып айқындалған.

– Демек, шетелдіктің, Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаты бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, егер заңда өзгеше көзделмесе, БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде аудару жолымен, Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты өздерінің зейнетақы құқықтарын қалыптастыруға толыққанды құқықтары бар, – деп түсіндіреді «БЖЗҚ» АҚ ШҚО филиалының директоры Марат Сейітқалиев.


.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив