KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 3 м/с, СБ
457.98 490.86 5.26

Қазақстанда 32 көпбейінді аурухана жаңғыртылады

7.03.2023, 15:30 402 Мадина Амангелдіқызы

Еліміздің ірі қалалары мен өңірлерінде халық санының өсуіне орай, перинаталдық орталықтар мен ауруханаларда орын тапшылығы байқалады. Осы орайда Үкіметте медициналық мекемелердің жетіспеушілігін толтыру мәселесі талқыланды.

 «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2023-2024 жылдары жұмыс істеп тұрған 32 көпбейінді аудандық аурухананы жаңғырту жоспарлануда, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл ауруханалар жоғары мамандандырылған КТ, МРТ, ангиографтар, ультрадыбыстық аппараттар, зертханалық, реанимациялық, рентгендік-диагностикалық, физиотерапиялық, хирургиялық және эндоскопиялық бейнеақпараттық жабдықтар және т.б. жабдықтармен қамтамасыз етілген. Барлығы 965 дана медициналық техника сатып алынбақ.

Сондай-ақ 2025 жылға дейін Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе және Семей қалаларында 6 университеттік клиника салынады, сонымен қатар инвесторлардың бастамасымен Петропавл, Түркістан және Көкшетау  қалаларында басталған жобалар аяқталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив