KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2,2 м/с, В
442.85 480.32 4.94

ШҚО-да ауыл шаруашылығын субсидиялауға қанша қаражат бөлінді?

24.03.2023, 18:44 247 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-да инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісіне келтірілген шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялауға биыл 8,7 млрд теңге бөлініпті.

Инвестициялық субсидиялау бойынша өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 1 ақпанынан бастап жүзеге асырылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараты бойынша, бүгінгі таңда "GOSAGRO.KZ" cубсидиялаудың жаңа мемлекеттік ақпараттық жүйесіне көшуге және жүйеде бар кемшіліктерге байланысты 2023 жылдың наурыз айында игерудің жоспарланған сомасы 266,0 мың теңгені құрайды.

- Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға ағымдағы жылы облысқа 6,3 млрд теңге бөлінген. Шарттар бойынша міндеттемелерге сәйкес 2023 жылы 6,2 млрд. теңгені құрады. Күту парағындағы шарттарға сәйкес 5,0 млрд теңге сомасына қосымша бюджеттік өтінім берілді. Осылайша, бөлінген қаражат ағымдағы жылы толық игерілетін болады, - деп мәлімдеді ауыл шаруашылығы басқармасы.

Сондай-ақ басқарма осы бағдарлама бойынша қаражат тапшылығына байланысты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден өтініштер түспегенін хабарлады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив