KZ
Өскемен
+6°
небольшая облачность жел 5 м/с, СБ
448.81 476.82 4.77

ШҚО-да ылғал үнемдейтін технологиялар белсенді енгізіліп жатыр

Шартты сурет

25.03.2023, 10:19 258 Мадина Амангелдіқызы

 Шығыс Қазақстанда 84,8 мың га суармалы жер бар.

Бүгінгі таңда ШҚО-дағы 84,8 мың гектар суармалы жердің 17,1 мың гектары ғана пайдаланылуда, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл ретте, көлемі 50,6 мың га болатын өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдарының алқаптарына су беруді қамтамасыз ететін гидротехникалық объектілердің көпшілігі «Қазсушар» РМК ШҚФ балансында, қалған 34,2 мың га ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің уақытша жер пайдалануында және автономды көздер есебінен суарылатынын атап өткен жөн.

Республика су айдындарының 30% - дан астамы ШҚО-да шоғырланғанына қарамастан, облыстың аудандарында ауыл тұрғындары үшін су тапшылығы өзекті мәселелердің бірі болып қалуда. Егіншілікпен айналысатын ауыл тұрғындары суармалы суды пайдаланады және жыл сайын жаздың ортасында су тапшылығы сезіледі екен.

Мұның себебі - магистральдық және шаруашылықаралық арналардың қанағаттанарлықсыз жай-күйі, сондай-ақ «Қазсушар» РМК ШҚФ балансындағы 4 гидротехникалық құрылысты реконструкциялау бойынша аяқталмаған жұмыстар.

Сондықтан облыста гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялауға ерекше назар аударылып отыр. Облыс әкімдігі гидротехникалық құрылыстарды қаржыландыру мәселелерін шешу үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен және экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігімен жұмыс жүргізді.

Ағымдағы жылдың 3 наурызында Шығыс Қазақстанға жұмыс сапарымен өңір Ұлттық экономика министрі А. С. Қуантыров келген болатын. Сапар аясында министр мен ШҚО әкімі Даниал Ахметов Зайсан ауданының Үйдене су қоймасына барды. Осы сапар барысында Ұлттық экономика министрі су шаруашылығы объектілерін қаржыландыру мәселесі қаралатынын айтты.

Бұдан басқа, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстанның су саласын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған шеңберінде магистральдық каналдар енгізілген су шаруашылығы объектілерін, сондай-ақ ШҚО-ның 3 гидротехникалық құрылысын Зайсан ауданының Үйдене, Күршім ауданының Орта Теректі өзендеріндегі және Тарбағатай ауданының Қандысу су қоймасын қаржыландыру жөніндегі кешенді жоспардың жобасын әзірледі.

Облыстың магистральдық арналары мен гидротехникалық құрылыстарын реконструкциялауға қаржы бөлу мәселесі бойынша оң шешім пайдаланылмайтын жерлерді айналымға тарту есебінен суармалы жерлерді ұлғайтуға серпін береді.

Сондай-ақ, су ресурстарының тапшылығы артып келе жатқан жағдайда су жинайтын технологияларды енгізу арқылы суармалы жерлерді ұтымды және тиімді пайдалану мәселелері басым бағыт болып табылады.

Осылайша, облыста ылғал үнемдейтін технологиялар белсенді енгізілуде. Бүгінгі таңда облыста 52 жаңбырлатқыш машина қолданылады ("Фрегат" – 18 бірлік, VALLEY – 14 бірлік, ТЛ – 5 бірлік, REINIKE – 15 бірлік. Бұл технологияларды Шемонаиха (27 бірлік), Самар (2 бірлік), Ұлан (23 бірлік) аудандарының шаруашылықтары енгізді. Енді Күршім, Тарбағатай, Зайсан аудандарында енгізу көзделген. Бүгінгі таңда облыс бойынша ылғал үнемдеу технологиясы бойынша 5487 га өңделуде, оның ішінде ағымдағы жылы инвестор «East Farm» ЖШС Шемонаиха ауданында 1240 га жаңа суармалы жерді айналымға енгізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив