KZ
Өскемен
+33°
небольшая облачность жел 2 м/с, Ю
474.83 515.38 5.5

Шемонаихада су құбырлары жаңартылады

Шартты сурет

25.03.2023, 16:10 222 Мадина Амангелдіқызы

Шемонаиха қаласындағы Теміржолшы шағын ауданында су құбыры желілерін жаңарту жобасы жүзеге аса бастаған болатын.

Өткен жылдың қыркүйек айында Шемонайха қаласындағы Теміржолшы шағын ауданында сметалық құны 124,9 миллион теңге болатын су құбыры желілерін жаңарту бойынша жоба іске асырыла бастады. Бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен бір миллион теңге көлеміндегі қаражат бөлінді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жобаның тапсырыс берушісі – Шемонаиха ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі. Қазан айында Шемонайха ауданының қаржы бөлімі мердігер ұйымның ұйғарымына сәйкес, мемлекеттік сатып алу жариялап, оның қорытындылары бойынша «Live Stroy Invest» ЖШС жеңімпаз болып танылған. Алайда желтоқсанда «Alyans XXI» ЖШС әлеуетті өнім берушісі конкурс қорытындыларының хаттамасына дау айту туралы талапарыз берді.

Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасынан хабарлады.

– Істі қараған облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 12 қаңтардағы №6394-22-00-4/902 шешімімен конкурс қорытындылары туралы хаттаманың күші жойылды. Көп ұзамай «Live Stroy Invest» ЖШС сот шешіміне апелляциялық шағым түсірді. Облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты аталмыш апелляциялық шағым бойынша алдын ала тыңдауды 2023 жылдың сәуір айына тағайындады, – дейді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы сумен қамту және су бұру бөлімінің меңгерушісі Рауан Тұрысбек.

Айтуынша, облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №21/192-VII шешіміне сәйкес, биыл аталған жобаны аяқтауға облыстық бюджеттен 123,9 миллион теңге бөлініп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив