KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 1,6 м/с, З
448.81 476.82 4.77

Ауа райы: Шығыста қар жауып, бұрқасын соғады

29.03.2023, 22:11 242 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-да алдағы тәуліктерде күн қайта суытады.

«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша облыс аумағында алдағы күндері қар жауып, жел күшейеді, ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

30 наурызда облыстың солтүстігінде, шығысында күндіз жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында желдің күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с дейін жетеді. Өскемен қаласында күндіз жел күшейеді, екпіні - 15 м/с.

31 наурызда облыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Аймақтың солтүстігінде, шығысында қатты қар жауып, жаяу бұрқасын соғады.  Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында желдің күші - 15-20 м/с, екпіні  - 23-28 м/с. Ауа температурасы - 5-10 градус арылығында, облыстың солтүстік-шығысында - 15 градус дейін төмендеуі мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив