Үздік мемлекеттік қызметкерге байқау жарияланды
Фото: ашық дереккөз
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын кеңінен насихаттау мақсатында «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметкері» республикалық патриоттық байқауы өткізіледі.
«Bilim-orkenieti» орталығының ұйымдастыруымен өтетін «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» атты республикалық патриоттық байқауына мәдениет және өнер саласының өкілдерін қатысуға шақырамыз!
Іс-шараның мақсаты: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын кеңінен насихаттау. Тәуелсіздіктің қастерлі де киелі ұғым екендігін, тәуелсіздіктің баянды болуы үшін ұлттық бірегейлік пен бірліктің маңыздылығын жастарға түсіндіру. Тәуелсіздік жылдары еліміздің рухани дамуына мәдениет және өнер саласына үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ.
Байқаудың шарттары:
Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттен артық емес өмірбаянын (14 кегл, Times New Roman, 3-ші жақта жазылған) жолдауы қажет, сондай-ақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері (мыс.: алынған алғыс хат, сертификат, куәлік және т.б.) қоса тіркелуі тиіс.
Құжаттар elorda_2023@mail.ru электронды поштасына 2023 жылдың маусым айының 10-на дейін қабылданады.
Байқау жеңімпаздары «Жаңа Қазақстан» ҚҚ атынан «Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер саласының үздігі» ордені, куәлік және құрмет грамотасымен марапатталады.
«Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер саласының үздігі» энциклопедиясына жеңімпаздардың өмірбаяндары енгізіледі.
Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласы, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, мәжіліс залында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан арнайы марапаттар мен төсбелгі табыс етіледі.
Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/
Электронды пошта: elorda_2023@mail.ru
Инстаграм паракшасы: @bilim_orkeniety
Ұйымдастыру алқасы: 8771-131-62-01, 8778-742-74-40, 8-71-72-44-34-50
ӨТІНІШ КЕСТЕСІ ЖҰМЫСПЕН БІРГЕ ЖІБЕРІЛУІ ҚАЖЕТ
Қатысушының тегі, аты-жөні |
|
Облыс, қала, аудан, село (ауыл) атауы |
|
Қызмет орны атауы, лауазымы |
|
Байқау атауы |
«Мәдениет және өнер саласының үздігі» |
Телефон, ұялы, е-mail.ru |
|
Сапалы түрлі-түсті ¾ фото |
|