KZ
Өскемен
+16°
туман жел 1 м/с, С
474.83 515.38 5.5

Шығысқа барлық өңірден Ұлттық ұлан офицерлері жиналды

Фото: Ұлттық Ұлан "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы

2.06.2023, 09:15 301

Өскеменде Ұлттық ұлан өңірлік қолбасшылықтары мен академиясы және әскери бөлімдердің штаб бастықтарының әскерлер қызметі және әскери қызметтің қауіпсіздігі жөніндегі орынбасарлары практикалық даярлықтан өтеді.

Ұлттық ұланның 40-қа жуық офицері кәсіби даярлықтарын шыңдау мақсатында Қазақстанның түкпір-түкпірінен Өскеменге жиналды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Бір апта бойы ұландықтар тактикалық айла-тәсілдер мен күзетілетін аймаққа жасалған шабуылдарға төтеп беру бойынша практикалық даярлықтан өтеді. Даярлық барысында офицерлер түрлі жағдайда қарудан ату және басып алу мен бұзушыны жою сынды бірнеше оқу сұрақтарын қарастырды, – дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.

 Өздерінің кәсіби даярлықтарын тексеру мақсатында офицерлер лауазымдық міндеттері мен жетекшілік құжаттар талаптары бойынша емтихан тапсырды.

Оқу-әдістемелік жиын барысында әскери бөлім кезекшісі мен оның көмекшісінің төтенше жағдай барысындағы әрекеттері бойынша сабақтар өткізілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив