KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, З
448.56 478.03 4.79

Жаңа Бұқтырмада жаңа мектеп бой көтереді

Фото: BAQ.KZ

6.06.2023, 14:08 734 Ләззат Қанатқызы

Жаңа Бұқтырма кентінде қазақ тілінде оқытатын 200 орындық жаңа мектеп салынады.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін 800 мың баланың  заманауи мектепте оқуына жағдай жасау туралы тапсырма берген болатын, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 "Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың  заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады", – деді ел Президенті “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” атты Қазақстан халқына Жолдауында.

Қазіргі күні ШҚО-да апатты және үш ауысымды мектептер жоқ, дегенмен жыл сайын жаңа білім беру мекемелерін салу қажеттілігі артып келеді.

2025 жылға дейін облыста барлығы 20 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр. Оның бір бөлігі "Жайлы мектеп" жобасы аясында бой көтермек. Биыл Өскемен, Белоусовка және Жаңа Бұқтырма кенттерінде жаңа білім ордалары салынады.

– Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен миллиард теңге қаражат бөлінді, қазір конкурстық рәсімдер жүргізілуде, содан кейін мердігер жұмысқа кіріседі, – деді Алтай ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарова.

Сондай-ақ жазғы кезеңде ауданның 10 мектебіне жалпы сомасы 52 миллионан астам теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив