KZ
Өскемен
+16°
небольшой проливной дождь жел 2 м/с, В
450.79 482.21 5.05

Ауыл аманаты: 2,5 пайыздық несие кімдерге беріледі?

Фото: nuratany.kz

6.06.2023, 17:07 458 ALTAINEWS

Президенттің тапсырмасына сәйкес, елімізде жеке шаруашылықтар мен шағын бизнес жобаларды дамытуға серпін беретін «Ауыл аманаты» бағдарламасы жұмыс істейді.

Осы бағдарламаның орындалу барысымен танысу үшін Алтай Көлгінов ШҚО-ға жұмыс сапары барысында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында облыс тұрғындармен және «Ауыл аманаты» бағдарламасының әлеуетті қатысушыларымен кездесті, деп хабарлайды Altaynews сайты Didar ақпаратқа сілтеме жасап.

Жиынға қатысушылар кәсіптеріне қатысты ұсыныстары мен ойларын ортаға салды.

– Жобаны жүзеге асыруға республика бойынша 100 млрд қарастырылса, соның 1,5 миллиард теңгесі Шығыс Қазақстан облысына бөлінді. Бұл ауылдық жерлерде жеке қосалқы шаруашылықтар мен басқа да кәсіп түрлерін бастауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасы жобаның тиімді іске асуына байланысты, – деді Алтай Көлгінов.

Өз кәсібін ашамын немесе ары қарай дамытамын деген ауыл тұрғындарына 2,5 пайыздық жеңілдікпен шағын несие жеті жыл мерзімге, әр адамға сегіз миллионнан артық қаражат беріледі.

Айта кетсек, бағдарламаның негізгі мақсаты – ауылшаруашылық тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын агробизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігі, бағаны тұрақтандыру және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу. Бағдарлама – ауыл тұрғындарының сүт фермасы, мал бордақылау алаңы, құс фабрикасы немесе жылыжай шаруашылығы, тағы да басқа шаруамен айналысып, кәсібін дамытуға таптырмас мүмкіндік.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив