KZ
Өскемен
+21°
переменная облачность жел 4 м/с, В
474.83 518.99 5.4

Еліміздегі ең алғашқы Америка бұрышы Өскеменде ашылған

8.12.2023, 19:37 313 Нұржан Кенжеұлы

Биыл А.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында орналасқан Американ бұрышына 20 жыл толады.


Бүгін осы мерейтойлық датаға орай, кітапхана ғимаратында ерекше іс-шара өтіп, оған АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісінің орынбасары Джуди Куо ханым мен облыс әкімінің орынбасары Дархан Сапанов қатысты, – деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

– Өскемен қаласына келуіміздің өзі бекер емес. Себебі, осыдан тура 20 жыл бұрын сіздердің шаһарда Қазақстандағы тұңғыш Америка бұрышы ашылған болатын. Жалпы, бүгінде республика көлемінде осындай 10 бұрыш жұмыс істеп тұр. Дегенмен, кезінде біздің бастамамызға бірінші болып үн қосқан Пушкин кітапханасының сол кездегі және бүгінгі басшылықтарына алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Мұндай бұрыштар екі ел арасындағы алтын көпір іспеттес. Бұл жерге келген кез келген адам ағылшын тілін тегін үйреніп, АҚШ-та білім алу жөнінде жан-жақты ақпарат ала алады, – деді Куо ханым.


Айта кетейік, орталықтың тағы бір ерекшелегі, мұнда осыдан алты жылы бұрын АҚШ елшілігінің және Chevron компаниясының мұрындық болуымен ашылған Makerspace шығармашылық алаңы нәтижелі жұмыс істеп тұр.

– Америка бұрышы мен Makerspace алаңының қонақтары ағылшынша сөйлеуді үйреніп, бағдарламалау мен роботты техниканың қыр-сырын меңгереді. Дебаттар мен хакатондарға қатысады. Сондай-ақ ғылыми-техникалық лагерь мен маркетфон сияқты жобалар арқылы жаңа іскерлік дағдыларды игереді, – дейді жоба үйлестірушілері.


Олардың айтынша, 20 жылдың ішінде Өскемендегі Америка бұрышы мен Makerspace-ке 300 мыңнан астам қонақ келіп, сан алуан бағдарламаның игілігін көріп, ерікті ретінде шыңдалған.
Іс-шара аясында кеш қонақтарының назарына шағын мерекелік концерт ұсынылып, артынша осы салада жемісті еңбек етіп жүргендерді марапаттау рәсімі өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив