KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 6 м/с, Ю
447.89 476.78 4.79

ШҚО-да 10 заманауи мектеп салынбақ

17.11.2022, 14:47 640 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да келесі жылы 10 бірдей заманауи және жайлы мектеп бой көтермек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында әр баланың жан-жақты дамып, білім алуы үшін "Жайлы мектеп" жаңа ұлттық жобасы қолға алынғанын айтқан болатын. Сондай-ақ бұл жоба мектептегі орындар тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өңірде аталмыш жоба аясында салынатын мектептер құрылысын келесі жылы бастау жоспаланып отыр.

Бұл туралы ШҚО-ға жұмыс сапарымен келген ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Жаңа білім ордалары ең заманауи жабдықтармен жабдықталмақ.

- Мектепте бастауыш және жоғары сынып оқушылары бөлек блокта оқуы мүмкін. Яғни, қажетті бала санына арналған асхана, жуынатыл бөлмелер мен спорт залдар болады, - деп түсіндірді министр.


Аталған жаңа білім ордалары әлемдік стандартқа сәйкес, сапасы мен жабдықтары да басқалардан өзгеше болмақ.

- Шығыс Қазақстан облысына «Жайлы мектеп» жобасы аясында 10 мектеп салынбақ. Айта кету керек, олардың басым бөлгі Өскемен қаласында болады. Жоспар бойынша 8 мыңнан астам оқушыға жаңа орын ашылады, - деп түсіндірді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.


Айта кету керек, биыл елімізде жаңа 230 мектеп пайдалануға берілмек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив