KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
443.72 482.28 4.9

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірде басталады

30.03.2023, 15:14 256 Ләззат Қанатқызы

Елімізде бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады.

Өтініш 5 жұмыс күні ішінде қабылданатын болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттік білім беру қызметі egov.kz электрон үкімет веб-порталында және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді.

- Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата - анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінішпен бірге №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у-3 баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3*4 фотосуреті болу керек, –дейді орта білім комитетінің бас сарапшысы Ерлан Маемеров.

Өтініштер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Сонымен қатар 1-2 сәуір демалыс күндеріне сәйкес келетінін ескерсек, түскен өтініштің барлығы 3 сәуірде қаралады.

Жалпы республика бойынша жаңа оқу жылында 400 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын аттайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив