KZ
Өскемен
+24°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Шығысқазақстандық кардиохирургтар интервенциялық кардиологияны дамытуда

4.05.2023, 19:17 631 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да эндоваскулярлық хирургия және интервенциялық кардиология бөлімшесінің дәрігерлері интервенциялық кардиологияны дамытуда.

Аталған бөлімше Өскемен қаласы бойынша және жалпы өңірде жіті коронарлық синдромы (жіті инфаркт, тұрақсыз стенокардия) бар науқастарға көмек көрсету жөніндегі негізгі ургентті бөлімше болып табылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айта кету керек, дәрігерлер тәулік бойы жұмыс істейді және жүрек пен қан тамырларына, қолқаға, ұйқы мен бүйрек артерияларына, жоғарғы және төменгі аяқ артерияларына, ми тамырларына операция жасайды. Мұнда әртүрлі кардиостимуляторлар орнатылады.

– Бізге ауруханаға жиі ауыр қолқа стенозы бар науқастар келеді, ол клапан аймағындағы қолқа саңылауын тарылтады. Сондықтан адамның өміріне тікелей қауіп төнеді. Яғни жүрек кез келген минутта тоқтап қалуы мүмкін. Ауыр қолқа стенозын емдеудің жалғыз әдісі – жасанды протезбен қолқа қақпағын ашық түрде ауыстыру. Өкінішке қарай, ілеспелі аурулары бар егде жастағы адамдар үшін өте күрделі операция. Себебі одан кейін асқынып кету қаупі бар, – дейді эндоваскулярлық хирург, ШҚО бас дәрігердің медициналық бөлімі жөніндегі орынбасары Қуатжан Абишов.

ШҚО ауруханасында төртінші жыл қатарынан Тavi-аорталық қақпақшаны транскатетерлік имплантациялау тәжірибесі жүргізілуде. Санның кішкене кесіндісі арқылы артерияға катетер енгізіліп, ол өзінің жұмыс істемейтін қолқа клапанының ішіне жеткізіледі. Кейін протез орнатылып, ол ашылғанда толық жұмыс істей бастайды.

– Жақында 82 жастағы Эдуард Пекаторосқа жүрекке жабық ота жасалды. Науқасқа ауыр қолқа стенозы диагнозы қойылған. Ашық операцияны жасына байланысты істеу қауіпті болды. Бір жарым сағатқа жуық ШҚО ауруханасының эндоваскулярлық хирургтар, кардиохирургтар, анестезиологтар құрамындағы көпсалалы командасы ер адамға төс сүйегі кесілмей және қан айналымы тоқтатылмай жасанды клапан орнатты, – дейді Қуатжан Абишов.

Айта кету керек, 2020 жылдан бастап бөлімшеде 38 TAVI өткізілді. Науқастардың барлығы 70 пен 86 жас аралығында болған. Бұл – жоғары технологиялық, қымбат операция. Десе де барлық пациенттер үшін ол МӘМС қаражаты есебінен тегін жүргізіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив