KZ
Өскемен
+15°
небольшой дождь жел 3 м/с, ОШ
443.72 482.28 4.9

Коронавирус пен пневмония: бір тәулікте сегіз адам қайтыс болды

14.11.2020, 13:58 147

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус белгілері бар пневмония туралы ақпарат жариялады.
Соңғы 24 сағатта елде коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияны 199 адам жұқтырды, 69 адам емделіп шықты.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, пневмониядан бір адам, COVID-19 - дан жеті адам көз жұмды.

"14 қарашадағы жағдай бойынша 8 627 адам коронавирустан емделіп жатыр, олардың 437-сі бала. Стационарларда 3 001 науқас, амбулаторлық деңгейде 5 626 адам ем-дом алуда. 191 адамның жағдайы ауыр, 25 адам аса ауыр хәлде, 26 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған", - делінген хабарламада.

1 тамыздан бері пневмонияға шалдыққандар саны 39 923-ке жетті, 416 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 29 485.

Шығыс Қазақстанда әлі де вирус жұқтыру көрсеткіші жоғары. Өткен тәулікте екі жүз елуге жуық адам дертке шалдықты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив