KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 1 м/с, С
474.09 514.01 5.48

Ыстықтан әлем елдері қалай қорғанады? Ең танымал 5 әдіс

6.06.2023, 11:54 297 Оразай Жеңісұлы

Сиеста немесе бір мызғып алу

Hola! Испан күнінің астында қалып қойсаңыз, жергілікті тұрғындармен бірге испан сиестасы дәстүрінің рахатын көріңіз. Сиеста — кейбір елде, әсіресе климаты ыстық мемлекеттерде дәстүр болып саналатын түстен кейінгі ұйқы. “Қызықтан құр қалып қоямын” деп алаңдамай, бір мызғып алыңыз. Испаниялықтардың өмір темпімен бәріне үлгересіз!

Сергітетін әрі пайдалы жеміс

АҚШ тұрғындары арасында кеңінен тараған трендті білесіз бе? Мұздатылған тәтті жүзім жеу — жаздың ыстық күнінде сергуге көмектесетін ең тиімді әдістің бірі. Жаңа піскен жеміс-жидекті тоңазытқышқа салып қойсаңыз болғаны, бірнеше сағаттан соң тіл үйіретін тәтті дайын болады. Жүзім көп сұйыққа ғана емес, қорек заттарға, антиоксиданттарға, жасушалар мен дәрумендерге бай.

Ащы әрі ыстық тағам жеу

Үндістан мен Қытай тұрғындары ыстық күнде де ащы әрі ыстық тағамнан бас тартпайды. Неге дейсіз бе? Себебі ыстық әрі ащы тағам адам ағзасын салқындатады. Оған қоса дәмдеуіштер адам температурасын көтеріп, сырттағы температурамен бірдей қалыпта етеді.

Дұрыс киіну

Біріккен Араб Әмірліктері сияқты климаты ыстық елдерде дұрыс киіну — маңызды нәрсе. Үстіңіздегі киім мақта немесе зығыр сияқты табиғи матадан жасалған болғаны жөн, себебі адам денесі мен мұндай мата арасында күн сәулесінен қорғайтын ауа қабаты болады. Оған қоса бас киім киіп жүріңіз.

Су көп ішу

Аптап ыстықта адам ағзасындағы су балансы дұрыс болуы керек. Сол себепті Италия тұрғындары сияқты суды күнделікті қажет мөлшерінде ішкен жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив