KZ
Өскемен
+17°
ясно Штиль
451.38 487.22 5.14

ШҚО-ның білім саласындағы оң өзгерістер қандай?

19.12.2022, 16:50 467 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-да алдағы жылдары "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы бойынша заманауи талаптарға сай 20 мектеп салынады.

Сондай-ақ облыста 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі мекемелерге кезектілігін жою көзделіп отыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Айта кетсек, мемлекет басшысы балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырған болатын. Шығыс Қазақстан - 5 жыл ішінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту бойынша индикатордың 100% орындалуын қамтамасыз етіп келе жатқан санаулы облыстардың бірі.

Ағымдағы жылы 2 жастан 3 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 88% - дан 98% - ға дейін ұлғайды.

Бүгінгі таңда балабақшаға кезекте 2200 бала тұр, олардың 41%-ы (904) - Өскемен қаласында. Бұл мәселе желіні кеңейту, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберіндегі құрылыс, бұрынғы балабақшалардың ғимараттарын қайтару және жұмыс істеп тұрған балабақшалардың жобалық қуатын кеңейту есебінен шешілетін болады. Осы шаралардың барлығы 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі мекемелерге кезектілігін жоюға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, "Жайлы мектеп" жаңа ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін елімізде 800 мың жаңа оқушы орны құрылады, оның ішінде облыс бойынша - 8950 орын немесе қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін 20 мектеп енгізіледі екен.

Ағымдағы жылы Күршім ауданының Ұрынхай және Жолнұсқау ауылдарында 4 мектепті, оның ішінде екеуін биыл іске қосу жоспарлануда.

Бұдан басқа, 1 млрд.теңгеге 40 білім беру нысанына күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілді, сондай-ақ материалдық-техникалық базаны нығайтуға 180 млн. теңге қарастырылған.

Жаһандық ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, президентіміз жоғары сыныптарда жаратылыстану-математикалық цикл және ағылшын тілі пәндерін оқытуды күшейту мен қазақ, орыс тілдерін жақсы меңгерген балаларды тәрбиелеу қажеттігі туралы айтқан еді.

ШҚО-да көптілді білім беруді дамыту бағдарламасын іске асыруды жалғасын таппақ. Орыс тілінде оқытатын мектептерде практикалық қазақ тілін оқыту сапасын арттыруға ерекше назар аударылып отыр. Осы мақсатта 400 қазақтанушы біліктілікті арттыру бойынша алты айлық  курстартан өтеді.

Көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды қолдау да – өңірдің білім саласындағы басым бағыттардың бірі. Қазіргі таңда 21 мың оқушы тегін тамақпен, мектеп формасымен, қысқы аяқ киіммен, қоғамдық көлікте тегін жол жүрумен қамтамасыз етіліп отыр. 2,4 мың бала балабақшаларға тегін барады. Мұндай отбасылардан шыққан балалардың 100% - ы жазғы демалыспен, сауықтырумен және жұмыспен қамтылған.

Дарынды балаларды қолдау үшін де жағдай жасалғанын айта кеткен жөн. Оқу жылының қорытындысы бойынша, 441 оқушыны көтермелеуге 44 млн.теңге бағытталыпты. Мектептер мен колледждердің 10 оқушысына 10 млн. теңгеге үздік IT стартаптар үшін гранттар бөлінді.

Жыл сайын колледждерде тегін оқуға мемлекеттік тапсырыс 10% - ға артуда. Одан бөлек, өңірлік жоғары оқу орындарына түсу үшін жергілікті бюджеттен гранттар саны 10% - ға ұлғайды.

Сондай-ақ ағымдағы жылы Өскемен қаласында студенттер үшін 488 орындық 2 жатақхана пайдалануға берілмек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив