KZ
Өскемен
+3°
небольшая облачность Штиль
536.32 626.9 6.6

Pfizer вакцинасы ШҚО бойынша 81 700 балаға салынуы тиіс

16.11.2021, 12:14 360

Шығыс Қазақстан облысында балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салу басталып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Өткен тәулікте 16-18 жас аралығындағы 12 жасөспірім вакцина алған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Эльмира Рахимбаева баспасөз-конференциясында айтты. 

– Екпе алған жасөспірімдердің денсаулық жағдайды тұрақты. Олар үш күн дәрігерлердің бақылауында болады. Ал 21-28 күннен кейін вакцинаның екінші компоненті егіледі, – деді ол.

Маманның айтуынша, Pfizer вакцинасы облыс бойынша  118 340 адамға салынуы тиіс. Оның ішінде балалардың саны – 81 700, жүкті әйелдер – 16 440, бала емізетін аналар – 21 100.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу