KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
478.58 520.84 5.44

2025 жылы халықты орталықтандырылған сумен толық қамтамасыз ету жоспарланған - Даниал Ахметов

12.11.2021, 13:10 172

ШҚО-да мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында 2025 жылға қарай халықты орталықтандырылған сумен толық қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов Орталық коммуникация орталығында өтіп жатқан брифингте мәлімдеді.
Облыста ағымдағы жылы 55,2 млрд.теңгеге 63 жоба іске асырылып, 48 нысан қолданысқа енгізілмек.

- 2015 жылдан бастап сумен жабдықтау объектілерін салу мен қайта құруды қаржыландыру көлемі 8 есеге, халықты орталықтандырылған сумен жабдықтау 85%-дан 96,5% - ға дейін артқанын атап өткім келеді, - дейді Даниал Ахметов.

Қала мен ауыл арасындағы жағдайды теңестіру үшін 2015 жылдан бастап 288 мың тұрғынды қамтитын 294 ауылда су құбыры салынған. 2025 жылға дейін 84 ауылдық елді мекенде су құбырын салу, 30 ауылда су құбырларын қайта жаңарту жоспарлануда. Бұл мақсатқа 75 млрд. теңге қажет екен.

- Біз шағын ауылдарда суды тазарту мен таратуға арналған блокты-модульді станцияларын орнаттық. Өткен жылы 51 станция орнатылған еді, ағымдағы жылы 52 және алдағы екі жыл ішінде осындай тағы 70 станция орнатылады, - дейді аймақ басшысы.

Нәтижесінде ауыл халқын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жыл соңына дейін 83,2% - дан 92,2% - ға дейін артады, ал жалпы облыс бойынша халықтың таза сумен қамтамасыз етілуі 96,5% - ды құрайды деп болжануда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив