KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 2 м/с, Ю
448.89 477.93 4.76

Ардагер әжелер бар арамызда

8.03.2021, 12:33 172
 

Әскери қызметшілер Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер әжелерді құттықтады. "8-Наурыз Халықаралық әйелдер күні" мерекесі қарсаңында, гарнизонның  әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйлеріне барып, атаулы күнмен құттықтады.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің құттықтау хатын табыстап, мықты денсаулық пен ұзақ өмір тіледі.
Ардагерлер кездесу кезінде көңілді, күлімсіреп, өздеріне және өскелең ұрпаққа құрметпен қарады. Александра  Тихоновна Саратовцева,  96 жастағы кейуана өзінің тың және ширақ екенін көрсетіп, әңгімесін айтып, ризашылығын білдірді.
«Жалпы, Өскемен қаласы бойынша барлығы 32 ғана Ұлы Отан соғысының ардагерлері болса, соның ішінде 5-і жауынгер апаларымыз. Ең жас ардагер 96 жасқа келген. Уақыт зырлап, майдангер-ардагерлердің қатары сиреп барады. Сондықтан да олар туралы әр сәттер мен әрбір жаңа куәлік құнды, Ұлы Отан соғысының тарихына оның жауынгерлері және жылнамашыларымен енгізілетін әрбір жаңа бет маңызды болып саналады» - дейді Өскемен қаласы Қорғаныс істер жөніндегі Басқармасының бастығы полковник Марат Садықов.

Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив