KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 4 м/с, В
474.83 518.99 5.4

Қазақстан халқының тілдері күніне арналған көрме ашылды – ШҚО

Ермек Имангазиевтің суреті

5.09.2023, 16:33 726 Ләззат Қанатқызы

Бүгін Өскемен қаласындағы А.С.Пушкин атындағы кітапханада Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тіл – татулық тірегі…» атты әдебиеттер көрмесі ашылды.

Көрмеде тіл тарихына, тіл біліміне, тілдің мәдениетаралық коммуникациясына, қазақ тіліне арналған жаттығу журналдары, тілдің философиясы, сөзтүзер, қазақ тілі теориясының негіздері және көптеген қазақ тіл білімінің мәселелері жайлы құнды ақпараттарды білуге болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Олжас Сүлейменовтің лингвистика мен тіл біліміне арналған кітаптары, Сәрсен Аманжоловтың қазақ этногенезі, археологиясы, тарихы, әдебиеті, тіліне қатысты ұшан-теңіз еңбектері қойылған. Сонымен қатар көрмені тамашалауға келгендер арнайы терминдер мен түрлі тіл ғалымдары бойынша білімдерін тексеруге арналған кроссворд та бар, – дейді оқу залының кітапханашысы Юлия Сачкова.

Естеріңізге сала кетейік, 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – Қазақстан халқы тілдері күні болып бекітілгені баршамызға белгілі. Аталмыш мереке елімізде 2017 жылдан бері аталып келеді. Ал кітапханадағы көрме бір апта бойы жалғаспақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив